Ғалымдарымыз мемлекеттік ғылыми стипендияға ие болды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2017 жылғы ғылым саласындағы атаулы сыйлықтарды және мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау туралы» 2017 жылғы 28 қарашадағы №599 бұйрығына сәйкес, еліміздің бірқатар жетекші ғалымдары мен жас ғалымдары мемлекет тарапынан стипендияға ие болды.

Ғылыми стипендияға ие болған ғалымдардың тізімінде біздің университетімізден ф-м.ғ.д., профессор Б.Х.Турметов, Phd доктор Қ.Қ.Қалдыбай және Phd доктор Т.Қ.Абдрасилов бар.

Ғалымдарымызды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта ғылыми ізденістеріне табыс тілейміз!

Ғылым және инновация департаменті