№4 Оқу-әдістемелік Кеңестің мәжілісі өтті

Университетте 29 қараша 2017 жылы кезекті №4 Оқу-әдістемелік Кеңестің мәжілісі өтті. Кеңесте факультеттер бойынша көптілді білім беру жүйесімен оқыту жағдайы, стратегиялық жоспар аясында оқу-әдістемелік жұмыстардың орындалуы, оқытылатын мамандықтар бойынша жүргізілетін пәндердің негізгі оқулықтармен қамтамасыз етілуі және Республикалық ЖОО электронды кітапханасына университет оқытушы-профессорларының еңбектерін енгізу туралы талқыланды. Сонымен бірге «Білім беру бағдарламаларын жобалау» тақырыбындағы республикалық семинар жұмысының материалдарымен таныстырылды. Кеңестің жұмысы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнін енгізу туралы қызу талқылаумен жалғасты. Нәтижесінде Кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешім қабылады.