Медицина факультетінің жас ғалымдар семинары

6 желтоқсан күні Медицина факультетінің «Жас ғалымдарының ғылыми семинары» өтті. Семинарға факультет ғалымдары М.Жүнісов, Ш.Сейдинов және жас ғалымдар қатысты.

Семинарды өткізудің басты мақсаты — университет жас ғалымдары арасында ғылыми бағыттағы ізденістерін насихаттау. Сонымен қатар, қоғамның денсаулық сақтау, медицина, әлеуметтік немесе рухани өрлеуіне негіз болатын ғылыми бағыттар өзектілігін бағалауды қалыптастыру сияқты мәселелер аясында сөз қозғалды.

Атап айтар болсақ, А.Ахметов, М.Жунисова, И.Усенбаева сияқты жас ғалымдар өздерінің ғылыми жұмыстарымен ерекше көзге түсті.

Іс-шараның өту барысында семинарға қатысушы университет ғалымдары тарапынан ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша сұрақтар қойылды.
Нәтижесінде жас ғалымдардың жұмысына «Жас ғалымдар» семинарын ұйымдастырушы Ғылым және инновациялық істер жөніндегі проректор Т.П.Раимбердиев оң бағасын беріп, алдағы ғылыми жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ғылым бөлімі