Ғасыр дертімен күрес

7 желтоқсан күні «ЖИТС-тен балаларды қорғау» қайырымдылық қорының президенті Ж.Жазықбаева, қордың әлеуметтік қызметкерлері Л.Юльчиева, Н.Оспанова университет студенттерімен кездесті.

Қор президенті Ж.Жазықбаева ЖИТС-тің алдын-алу бойынша білімгерлерге семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренинг мақсаты — ОҚО аудандары мен Шымкент қаласындағы мұғалімдері мен жоғары сынып арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын-алу бойынша ақпараттандыруды арттыру, АИТВ инфекциясына шалдыққан, статусы ашылған жасөспірімдерге психологиялық қолдау көрсету болып табылады.
Шарада Қазақстан Республикасының 15-49 жастағы азаматтардың арасында АИТВ инфекциясының таралуы; ОҚО бойынша 15-49 жас аралығындағы АИТВ инфекциясының өсу көрсеткіші; ОҚО 2004-2015ж.ж. аралығында парентеральды және жыныстық жұғу жолдардың динамикасы, ЖИТС-тен қорғану, т.б., туралы айтылды.

Фото:Н.Искаков
Ақпарат орталығы