Ахмет Ясауи университеті жүлдегерлер сапында

Жуырда ІХ жазғы универсиада ойындары аяқталды. Жалпы командалық есепте Ахмет Ясауи университеті жүлделі үшінші орынды иеленді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 26-қыркүйек пен 29-қараша аралығында өткен спорттық бәсекеде еліміздің 53 ЖОО-ның спортшылары бақ сынаған. Спортшы білімгерлер спорттық ойынның 37 түрі бойынша сынға түсті. Үш айға созылған спорттық доданың қорытынды марапаттау рәсімі Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы университетте өтті.

Спорттық ойындар барысында біздің университетіміздің 200-ден астам ойыншысы 15 түрлі ойын түрлерінен сайысқа түсті. Универсиада қорытындысы бойынша І орынды Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университеті, ІІ орынды І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, ІІІ-орынды Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті иемденді.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы тарапынан мақтау қағаздары мен медальдар және кубоктар табыстады.

Универсиадада керемет нәтижелі ойын өрнектерін көрсеткен барлық спортшы білімгерлерімізді және жаттықтырушыларды жеңістерімен құттықтаймыз.

Ақпарат орталығы