Университет түлегі – PhD докторы атанды

26 желтоқсан күні «Астана медицина университеті» АҚ жанындағы «6Д110200-Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша Диссертациялық Кеңесте философия докторы (PhD) дәрежесіне үміткер докторант, университетіміздің үздік түлегі Накипов Жандулла Балғабайұлы «Университеттік клиника үлгісінің негіздемесі, қызмет етудің ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық негіздері» тақырыбында ғылыми жұмысын сәтті қорғап шықты.
Накипов Жандулла 1999 жылы медицина факультетінің «Емдеу ісі» мамандығын үздік дипломмен бітіріп, Шымкент қаласында «Хирургия» мамандығы бойынша интернатурада, 2001–2005ж.ж. аралығында Анкара қаласы «Хаджеттепе» университетінің клиникасында «Нейрохирургия» мамандығы бойынша резидентурада, 2005-2007ж.ж. ХҚТУ-нің «Жалпы хирургия» кафедрасында оқытушы, 2007-2011 жылдары Астана қаласындағы «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-ның балалар нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі, «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ-ның балалар нейрохирургиясы бөлімінің аға ординаторы, ал 2011-2014 ж.ж. ХҚТУ-нің клиникасының бас дәрігері қызметін атқарды.
2014-2017 жылдары «Астана медициналық университеті» АҚ-ның «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша ғылыми педагогикалық докторантураға түсіп, ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізді.
Университет түлегі, Біздін мақтанышымыз — Накипов Жандулланы докторлык диссертацияны сәтті қорғауымен құттыктаймыз!

Ақпарат орталығы