Асыл жандарға құрмет көрсетілді

28 желтоқсан күні Әйелдер кеңесінің төрайымы, профессор Г.Еркибаева университеттегі белсенді оқытушы-профессорларды, қызметкерлерді жаңа жыл мерекесіне орай Алғыс хатпен марапаттады. Тәрбие және мәдени істер департаментінің директоры Л.Есентаева қызметтегі жетістіктері мен еселі еңбегі үшін марапатталған нәзік жандыларды құттықтады. Атап айтсақ, «Тарих» кафедрасының доценті Г.Примкулова, «Жалпы пәндер» кафедрасының оқытушысы Л.Алимбекова, «Білім технологиялар» кафедрасының меңгерушісі А.Құралбаева, Филология факультетінің оқытушысы К.Жамантаева, Әлеуметтік ғылымдар факультетінің доценті, э.ғ.к. Ұ.Маханбетова, Медицина факультетінің аға оқытушысы Б.Байзакова, Стоматология факультетінің оқытушысы Д.Мирзаева, университет қызметкерлері Қ.Баймұратова, М.Оразбекова, Г.Абдрахманова, Ж.Тайтенова, Б.Бейсенбаева, Г.Тасболатова, Ұ.Косжанова марапатталды.
Ақпарат орталығы