Медицина факультеті ғалымдарының семинары

9-11 қаңтар күндері Медицина факультетінің ғалымдары арасында ғылыми семинар өтті. Семинарға факультет ғалымдары, кафедра меңгерушілері қатысты.

Семинарды өткізудің басты мақсаты — университет ғалымдары арасында ғылыми бағыттағы ізденістерін насихаттау. Сонымен қатар, қоғамдық денсаулық сақтау, медицина салаларында ғылымның өрлеуіне негіз болатын ғылыми бағыттар өзектілігін бағалауды қалыптастыру сияқты мәселелер аясында сөз қозғалды.

Аға буын ғалымдар С.А.Ажаев, И.А.Ишигов, К.М.Лаханова, Ш.М.Сейдинов, С.Н.Жумашовтардың өскелең ұрпаққа берер ғылымы көз қуантарлық. Сондай-ақ, бүгінгі таңда жасалып жатқан ғылымдағы жаңалықтары бойынша Л.Т.Алимбекова, Қ.Қ.Байтурсинов, Г.О.Нұсқабаева, Н.Х.Нурпейсов сынды ғалымдарымыз өздерінің ғылыми жұмыстарымен ерекше көзге түсті. Семинарға қатысушы университет ғалымдары тарапынан ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша сұрақтар қойылды.

Шара соңында ғалымдар жұмысына семинарды ұйымдастырушы Ғылым және инновациялық істер жөніндегі проректор Т.П.Раимбердиев оң бағасын беріп, алдағы ғылыми жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ғылым және инновация департаменті