Межелі міндеттер сараланды

12 қаңтар күні университет жанынан құрылған Қоғамдық келісім кеңес мүшелері Ғылым және инновациялық істер жөніндегі проректор, профессор Т.П.Раимбердиевтің төрағалығымен дөнгелек үстел өткізді.
П.ғ.д., профессор Г.Ғ.Еркибаева Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша баяндама жасады. Кеңес мүшелері дамыған 30 елдің қатарына кіруге ықпал ететін негізгі он міндетті, жолдаудың маңызын талқылады.
Сондай-ақ, күн тәртібіне орай, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Тәрбие және мәдени істер департаментінің директоры Л. Есентаева «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жастарды тәрбиелеудегі рөлі», ф.ғ.д., профессор С.Садықов «Рухани жаңғырудағы жастардың рөлі», PhD Б.Сиздиков Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мыңтөбе қорымында» жүргізілген археологиялық зерттеулер» тақырыбында баяндама жасады.

Ақпарат орталығы