Облыстық сот төрағасы студенттермен кездесті

Облыстық сот төрағасы Нұрсерік Шәріпов түркістандық студенттермен кездесті. Болашақ заңгерлермен өткен жиын Жоғарғы соттың «Құқықтық сауаттылық» жобасы негізінде ұйымдастырылып отыр. Мұнда жастар жоғары тәжірибелі басшымен «Ұлт жоспары-100 нақты қадам» бағыттарында қамтылған сот істеріне қатысты реформалар төңірегінде сұхбаттасты

Жоғарғы соттың ұйғарымымен қолға алынған «Құқықтық сауаттылық» тақырыбындағы семинарлар еліміздің барлық облысын қамтуда. Ондағы мақсат – сот жүйесін реформалап, халықтың заң саласындағы сауаттылығын арттыру.

Нұрсерік Шәріпов – Облыстық сот төрағасы

Біз бірнеше оқу орындарында болдық. Елбасы тапсырмасына сәйкес, «100 нақты қадам» стратегиялық құжатының орындалу барысын қадағаладық

Әділетті қоғам. Заң шеңберінде тіршілігін үйлестірген азаматтар. Бұл – тәуелсіздік жылдарында жас мемлекет жеткен жетістік. Жиында Нұрсерік Шәріпов осы бағыттағы табыстарды сөз етіп, сот жүйесіндегі жаңа реформаларды жастар жадына құйды. Ел саясатында судьялардың кәсіби-моральдық келбетіне талап күшейгенін және ол болашақ заңгерлерге де артылатын жүк екенін айтты.

Нұрсерік Шәріпов – Облыстық соттың төрғасы

Соттың ел дамуына ықпалы зор екені сөсіз, білесіздер. Мемлекеттің Конституциясына сәйкес, билік біртұтас болады.

Әділ, құзыретті һәм бейтарап сот. Сотқа сенімі, құрметі артқан азаматтар. Судьялардың әр төрт жыл сайын өтетін съездерінің жетіншісінде осы мәселелер жетеге жеткізіліп айтылды. Ендігі меже – жаңа құжаттағы 15 баптың талап үдесінен шығу. Облыстық сот төрағасымен болған кездесуден жастар осыны ұқты.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы