Құқықтану саласы бойынша семинар өтті

17 қаңтар күні Құқықтану саласы бойынша ғылыми семинар өтті. Семинарға Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы М.Топлу, декан орынбасарлары, аға буын ғалымымыз Б.И.Накипов, кафедра меңгерушілері мен оқытушы профессорлар құрамы қатысты.
Семинарды Ғылым және инновациялық істер жөніндегі проректор, профессор Т.Раимбердиев жүргізді.
Ғалымдар А.Паридинова, А.Малдыбек, Г.Дайрабаева, Г.Шадинова, С.Садықов, Е.Ш.Батмаз, Т.Жұманов ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша баяндама жасап, бүгінгі жеткен жетістіктеріне қысқаша тоқталып өтті. Ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстары, ғылымдағы жаңалықтары бойынша атқарып жатқан жұмыстары жайлы маңызды мәліметтер айтты. Ғылыми жобалары бойынша нақты деректер, құнды мәліметтер келтірді.
Шара соңында семинарды ұйымдастырушы Ғылым және инновациялық істер жөніндегі проректор Т.П.Раимбердиев ғалымдар жұмысына оң бағасын беріп, алдағы ғылыми жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ғылым және инновация департаменті