Математика және информатика саласы бойынша семинар өтті

18 қаңтар күні Математика және информатика саласы бойынша ғылыми семинар өтті. Семинарға Жаратылыстану және Инженерия факультетінің декандары, кафедра меңгерушілері, оқытушы-профессорлар құрамы қатысты. Семинарды Ғылым және инновациялық істер жөніндегі проректор, профессор Т.П.Раимбердиев жүргізді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев цифрлы индустрияны, IT саласын дамытуды және өндіріске инновациялық жаңалықты кеңінен тарту арқылы мүлде жаңа бағдарламалар құру міндетін қойып отыр. Осы мақсатқа байланысты университет ғалымдары арасында ғылыми бағыттағы ізденістерін насихаттау. Маңызды семинарда ғылымның өрлеуіне негіз болатын ғылыми бағыттар өзектілігін бағалауды қалыптастыру сияқты мәселелер аясында сөз қозғалды. Семинар міндеті — ғалымдардың ғылыми-сарапшылық әлеуетін көтеру, ғылыммен айналысуына бағыт-бағдар беріп, ықпал жасау болып табылады. Бұл міндеттер өз дәрежесінде жоғары деңгейде орындалды.
Ғалымдар М.Қошанова, Б.Калимбетов, А.Асибеков, К.Назарова, М.Султанов, К.Усманов, Г.Ниязова, А.Темирбеков, Т.Қойшиева ғылыми зерттеулері бойынша баяндама жасады. Ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстары, ғылымдағы жаңалықтары бойынша атқарып жатқан жұмыстары жайлы маңызды мәліметтер айтты. Ғылыми жобалары бойынша нақты деректер, құнды мәліметтер келтірді.
Шара соңында семинарды ұйымдастырушы Ғылым және инновациялық істер жөніндегі проректор Т.П.Раимбердиев ғалымдар жұмысына оң бағасын беріп, алдағы ғылыми жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ғылым және инновация департаменті