Физика саласы бойынша семинар өтті

19 қаңтар күні Физика саласы бойынша ғылыми семинар өтті. Семинарға «Физика» және «Электр инженериясы» кафедрасының ғалымдары қатысты. Семинарды Ғылыми және инновациялық істер жөніндегі проректор, профессор Т.Раимбердиев жүргізді.
Семинарды өткізудің басты мақсаты — университет ғалымдары арасында ғылыми бағыттағы ізденістерін насихаттау. Маңызды семинарда ғылымның өрлеуіне негіз болатын ғылыми бағыттар өзектілігін бағалауды қалыптастыру сияқты мәселелер аясында сөз қозғалды. Семинар міндеті — ғалымдардың ғылыми-сарапшылық әлеуетін көтеру, ғылыммен айналысуына бағыт-бағдар беріп, ықпал жасау болып табылады. Бұл міндеттер өз дәрежесінде жоғары деңгейде орындалды.
Ғалымдар Ә.Құрмантаев, Ө.Абдуманапов, С.Бекбаев, Ә.Сарыбаева, Т.Тұрмамбеков, З.Абдикулова, О.Альчинбаева ғылыми зерттеулері бойынша баяндама жасап, бүгінгі жеткен жетістіктеріне қысқаша тоқталып өтті. Ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстары, ғылымдағы жаңалықтары бойынша атқарып жатқан жұмыстары жайлы маңызды мәліметтер айтты. Ғылыми жобалары бойынша нақты деректер, құнды мәліметтер келтірді.
Шара соңында семинарды ұйымдастырушы Ғылым және инновациялық істер жөніндегі проректор Т.П.Раимбердиев ғалымдар жұмысына оң бағасын беріп, алдағы ғылыми жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ғылым және инновация департаменті