Елбасы Н.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапарын жас ғалымдар сараптады

19 қаңтар күні Ғылым және инновация департаменті және «Халықаралық қатынастар» кафедрасының ұйымдастыруымен «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары: Мақсаттары және басымдықтары» атты сараптамалық талдау семинары өтті.
Ғылым және инновациялық істер жөніндегі проректоры, профессор Т.П.Раимбердиев алғы сөз сөйлеп, Елбасының АҚШ-қа сапары стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңіне бағытталған сапар екенін айтты.
«Халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Ефтал Батмаз кіріспе сөз сөйлеп, Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынастарының бүгінгі жағдайы туралы баяндады.
«Халықаралық қатынастар» кафедрасының оқытушылары PhD А.Әмірбек «»С5+1″ форматы және Қазақстан-АҚШ қатынастары», PhD М.Аңламасова «Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі төрағалығы», PhD Қ.Ыдырыс «Қазақстан және аймақтық қауіпсіздік мәселелері» тақырыптарында баяндама жасады.

Ақпарат орталығы