Президенттің батыл қадамы жастарды таң қалдырды

Түркістандық жас ғалымдар Елбасының АҚШ-қа жасаған сапары бойынша өз ой-толғамдарын білдірді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұжымы… маңызды кездесуге арнап, «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары: Мақсаттары және басымдықтары» тақырыбында… семинар ұйымдастырды. Қатысушылар Президенттің бұл сапарын батыл қадамға балады.

Жиында жас ғалымдар Елбасының АҚШ-қа бұл сапарын стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңіне бағытталған сапар екенін айтты. Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынастарының бүгінгі жағдайы туралы баяндап, еліміздің Орта Азиядағы беделін, сыртқы саяси ұстанымын да саралады.

«Халықаралық қатынастар» факультетінің ұйымдастыруымен өткен жиында Елбасының сыртқы экономикалық байланыстарды нығайтудағы дипломатиялық қабілеті дәріптелді.  Сондай-ақ, «»С5+1» форматы және Қазақстан-АҚШ қатынастары» тереңінен қаузалды.

Елбасы сапары үлкен маңызға ие. Әлемдегі алпауыт мемлекеттің Қазақстанға оң көзқарас танытқаны елдің әлеуетін бағамдауға мүмкіндік береді, — деді жас ғалымдар. Ал, Қазақстанның саяси маңызды  қадамға баруы – әлемдік қауымдастықтағы мәртебемізді одан әрмен асқақтатпақ.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы