Қызметтік іс-сапар

Жуырда университетіміздің қызметкерлері — Аккредитация және рейтинг орталығының басшысы Ж.Дарибаев, Бас хатшы М.Асанова, Академиялық департаментінің директоры Е.Төлегенов және Ғылым және инновация департаментінің директоры А.Балтабаева Түркия Республикасының Анкара, Болу, Сакария қалаларына іс-сапармен барып қайтты.
Ізденіс пен үмітке толы сапар барысында алдымен Өкілетті Кеңес төрағасы профессор Мұса Йылдызбен кездесті. Гази университетінің Стоматология факультетінде профессор Эмин Түркөздің жетекшілігімен оқу-емханалық бөлімдер мен зертханаларды аралап танысты. Дипломнан кейінгі білім беру департаментінің басшысы доцент доктор Ерчиласун Гүлжанатпен, Болу қаласында Абант Иззет Байсал атындағы университеттің ректоры, профессор Мустафа Алишарлымен, Бас хатшы Самиддин Гүндүзбен сұхбаттасты. Сапа бөлімі мен Стратегиялық жоспарлау бөлімі қызметкерлерімен тәжірибе алмасып, құнды мәліметтер жинақтады. Сондай-ақ, осы университет құрылымындағы “НУРДАМ” ядролық радиация детекторлары ғылыми-зерттеу орталығында болып, қорғаныс саласында, медицина мен аэронавтикада қолданыс тауып отырған сенсорлар мен радиациялық дозиметрлер жасаумен шұғылданатын лабораторияда болды. Бұл ғылым орталығы дәстүрлі емес энергетика саласы бойынша Ахмет Ясауи университетімен бірлескен ғылыми жобалар жасасуға және осы бағытта ғылыми ізденістерді арттыру мақсатында меморандум жасауға уағдаласты. Мұнан соң, сапар Сакария университетінде жалғасын тауып, оқу орнының проректоры, профессор Умит Кожабичакпен, САÜДЕК координаторы, доцент доктор Чанвар Тубамен кездесті. Бұл кездесу барысында Сакария университетінің әлемдік білім кеңістігінде жоғары жетістіктерге жеткізген сапамен қамтамасыз ету жүйесімен, орталықтандырылған автоматтандырылған басқару жүйесінің ерекшеліктерімен танысып қайтты.

Аккредитация және рейтинг орталығы