Өкілетті Кеңес төрағасы, профессор Мұса Йылдыз:«Дамудың жаңа үдерісі басталды»

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағ­дайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында еліміздің жаңа даму мақсаттары егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Елбасы – сарабдал саясатының ар­қасында халықаралық аренада үлкен беделге ие болған көрнекті тұлға. Аз уақыт ішінде Қазақстанның беделін көтеріп, әлем елдері алдында жетекші мемлекетке ай­налдырды. Конституциялық және құқық­тық рефор­ма­ларды жүзеге асырып, эконо­микалық және саяси тұрақтылық орната білді. Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында да нақты стратегияларды белгілеп, 2050 жылға дейінгі даму бағыт­тарын сенімді түрде жалғастыратынын мәлім етті. Ең озық 30 мемлекеттің қата­рына кіру жоспарын күшейтуді тапсырды. Экономикалық және әлеуметтік дамудың маңыздылығын атап өтіп, қарқынды ілгерілеу мақсатына сәйкес жаңғыртудың жаңа үдерісін бастады….