Шымкент Медицина институты ғалымдарының семинары

1-2 ақпан күндері Шымкент қаласында Медицина институты ғалымдары арасында ғылыми семинар өтті. Семинарға институт ғалымдары, кафедра меңгерушілері қатысты.
Семинарды өткізудің басты мақсаты — университет ғалымдары арасында ғылыми бағыттағы ізденістерін насихаттау. Сонымен қатар, қоғамдық денсаулық сақтау, медицина салаларында ғылымның өрлеуіне негіз болатын ғылыми бағыттар өзектілігін бағалауды қалыптастыру сияқты мәселелер аясында сөз қозғалды.
Аға буын ғалымдар Б.Жүнісов, А.Садықова, Ш.Жанадилов, Н.Тузельбаев, К.Казбекова, Ө.Жолдыбаев, А.Дауреханов, Қ.Кулаев, Г.Утепбергенова, С.Ташимова, М.Тубанова, Г.Абасова, Г.Диханбаева, Б.Смагулов, С.Тоқбергенова, Н.Бекенов, А.Жақсыбергенов, П.Калменова, Ф.Хатамов, Л.Кенбаева, Г.Садырханова, А.Абдухалыков, З.Джакипбекова, Э.Искандирова, Б.Абдурахманов, Ш.Есмембетов өскелең ұрпаққа берер ғылымы көз қуантарлық. Сондай-ақ, бүгінгі таңда жасалып жатқан ғылымдағы жаңалықтары бойынша Р.Мадалиходжаев, М.Жантеев, Г.Калдыгозова, Ә.Баймағамбетов, Ұ.Муканова, Р.Баймедетов сынды ғалымдарымыз өздерінің ғылыми жұмыстарымен ерекше көзге түсті.
Семинарға қатысушы институт ғалымдары тарапынан ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша сұрақтар қойылды. Ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстары, ғылымдағы жаңалықтары бойынша атқарып жатқан жұмыстары жайлы маңызды мәліметтер айтты. Ғылыми жобалары бойынша нақты деректер, құнды мәліметтер келтірді. Дипломнан кейінгі білім беру факультетінде 10 мамандық бойынша: «Жалпы медицина» мамандығының бакалавриаты, «Жалпы медицина» интернатурасының «Терапия», «Педиатрия», «Жалпы дәрігерлік практика», «Хирургия», «Акушерия және гинекология» мамандықтары бойынша, «Стоматология» интернатурасы бойынша және резидентураның Невропатология, соның ішінде балалар невропатологиясы», Педиатрия», Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар гинекологиясы» Жалпы хирургия мамандықтары бойынша білім беріледі. Оқытушы-профессорлар халықаралық деңгейдегі білім беру үшін осы мамандықтар бойынша медицинадағы инновациялық технологияларды қолданып, жаңа заман талабына сай мамандар даярлап жатқандарын айтты. Сондай-ақ, ғалымдар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі бағыттардың бірі «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт» туралы да жан-жақты айтты.
Шара соңында ғалымдар жұмысына семинарды ұйымдастырушы Ғылым және инновациялық істер жөніндегі проректор Т.П.Раимбердиев оң бағасын беріп, алдағы ғылыми жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ғылым және инновация департаменті