Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы

«Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2017-2018 оқу жылының көктемгі семестріне Медицина факультетінен 20 студент С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне және 9 студент Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне, Жаратылыстану факультетінің Математика мамандығы бойынша 2 студент Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне, Экология мамандығы бойынша 1 студент Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне білім алуға кетті»- дейді Академиялық ұтқырлық бөлімінің мамандары.
Сонымен қатар Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінен 1 студент, Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университетінен 1 студент Жаратылыстану факультеніне, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінен 2 студент Филология факультетіне, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен 16 студент Медицина факультетіне, Қазақ-Орыс Халықаралық университетінен 10 студент Әлеуметтік ғылымдар, Филология, Инженерия факультеттеріне бір академиялық кезеңге білім алуға келді.

Ақпарат орталығы