Шетелдің ЖОО-да білімдерін жетілдіріп келді

Мевлана, Орхун және ҚРБжҒМ-нің «Шетелде 1 семестр білім алу» бағдарламалары бойынша 2017-2018 оқу жылының күзгі семестрінде Италия мемлекетінің Флоренция университетінде 5В050600-Экономика және 5В050900-Қаржы мамандықтары бойынша 3 білімгер, Түркия Республикасының Ақдениз, Сакария, Гиресун, Эрджиес, Жумхуриет, Коджатепе университеттерінде Филология, Әлеуметтік ғылымдар, Гуманитарлық ғылымдар, Медицина факультеттерінен жалпы 40 білімгер, «Манас» Қырғыз-Түрік университетінде 5В020200-Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша 1 білімгер білімдерін шыңдап қайтты.
«Білімгерлер білімдерін жан-жақты жетілдіріп қана қоймай, сонымен қатар жергілікті халықтың салт-дәстүрлері және мәдениетімен жіті танысуға мүмкіндік алды» -дейді Академиялық ұтқырлық бөлімінің мамандары.

Ақпарат орталығы