Ақтөбелік ұстаздар дәріс беруде

2017-2018 оқу жылының көктемгі семестріне екі жақты келісім-шарт негізіндегі ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласындағы Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің білікті ұстаздары Молдабекова Гульмира Байгалиевна «Бухгалтерлік есеп» (қазақ тілінде) пәнінен және Пилипенко Елена Николаевна «State regulation economy» (ағылшын тілінде) Әлеуметтік ғылымдар факультетінің 5В050600-Экономика, 5В050900-Қаржы, 5В050700-Менеджмент және 5В050800-Есеп және аудит мамандықтарының студенттеріне 29.01.-11.02 күндері аралығында дәріс өтуде.
Атап айтсақ, Г.Б.Молдабекова «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне «Бухгалтерлік есеп негіздері», «Бухгалтерлік есеп принципі», «Бухгалтерлік есеп», «Халықаралық қаржылық есеп стандарты» тақырыптары бойынша лекция және семинар жүргізді. Сондай-ақ, Е.Н.Пилипенко «Жобалық технология оқу әдісін экономикалық пәндерді оқу арқылы білім беру тәжірибеде қолдану» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Семинар соңында Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, профессор М.Топлу Г.Б.Молдабековаға және Е.Н.Пилипенкоға алғысын білдіріп, сертификат табыстады.

Ақпарат орталығы