Университет ғалымдарының мәжілісі өтті

8 ақпан күні Мәдениет орталығының кіші залында, университетіміздің Ғылыми-техникалық кеңес мәжілісі өтті.

Мәжіліске кеңес төрағасы мен мүшелері, күн тәртібіне қатысы бар оқытушы-профессорлар мен магистрант және доктаранттар қатысты.
Ғылыми-техникалық кеңес мәжілісінде күн тәртібінің алғашқы мәселесі бойынша университеттің 1-курс доктаранттары Ж.Алибекова, Б.Шарханова , Р.Хазретәліқызы, А.Сәдібеков ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша есеп берді.

Кеңес төрағасы Т.Раимбердиев және кеңес мүшелері докторанттардың диссертациялық тақырыптарына байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша есептерін мұқият тыңдап, жас ғалымдарға бағыт-бағдар мен ұсыныс-пікірлерін білдіріп, сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, докторанттардың ғылыми жетекшілері ретінде тағайындалған PhD докторлардың ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша еңбектерінің маңыздылығына тоқталып, ізденушілерге ғылыми жетекшілік жасаудың талаптарын түсіндірді.

Мұнан соң күн тәртібінің әртүрлі мәселелері бойынша доцент З.Жандарбектің «Ясауи» ғылыми-зерттеу орталығының «Ясауи» журналын шығару жағдайы туралы мәліметі тыңдалды. Сонымен қатар университет ұстаз-ғалымдарының монографияларын сараптап, Сенатқа ұсыну мәселесі қаралды.

Ақпарат орталығы