Өкілетті Кеңес тарапынан қаржыландырылған жобаларының қорытынды есебі тыңдалды

8 ақпан күні Мәдениет орталығының кіші залында Өкілетті Кеңес Басқармасы тарапынан 2016-2018ж.ж. аралығында қаржыландырылған ғылыми-зерттеу жоба жетекшілерінің қорытынды есептері тыңдалды. Сараптау комиссиясы отырысына Даму және қаржыландыру жөніндегі вице-президенті PhD Мұстафа Эрен төрағалық етті. Есеп беру барысында ғалымдардың әлемдік рейтингтік ғылыми журналдарда жариялаған импакт-факторлы мақалалары мен патенттері таныстырылды. Ғылыми жобалары бойынша нақты деректер, құнды мәліметтер айтылды. Сонымен қатар, Ғылым және инновациялық істер жөніндегі вице-президент, техн.ғ.д., профессор Т.П.Раимбердиев университетіміздің бір топ ғалымдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсында ірі жеңіске қол жеткізгендігін атап өтті. Сараптау комиссиясының мүшелері тарапынан ғалымдарымыздың ғылыми жоба шеңберінде жүргізген жұмыстарына оң бағасын беріп, алдағы ғылыми жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ғылым және инновация департаменті