«AYU DEBATE CLUB» клубы жеңімпаз атанды

9-11 ақпан аралығында оқу ордамыздың студенттерінен құралған «AYU DEBATE CLUB»клубы Ақтөбе қаласындағы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина академиясы «ЖАЛЫН Cup»-ның ұйымдастыруымен өткен Республикалық пікірсайыс турниріне қатысып жеңімпаз атанды.

Қазақстанның беделді университеттерінен АПФ форматы бойынша 100 студент қатысып бақ сынасқан додада университетіміздің Медицина факультетінің 3-курс студенті Ж.Сапарқұл және 4-курс студенті А.Дауреханова І-орын иеленді. Сонымен қатар, университетіміздің Гуманитарлық ғылымдар факультетінің «Педагогика және психология» мамандығының студенттері А.Имаш пен А.Хабубуллаева «Үздік фракция» номинациясымен марапатталды. Жеңімпаз атанған студенттерімізді жемісті жеңісімен құттықтаймыз!

Ақпарат орталығы