Туберкулез – жазылатын ауру

Бүгін, Мәдениет орталығында «АИ» дәрігерлік амбулаториясының ұйымдастырумен «Туберкулез – жазылатын ауру» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға «АИ» дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі М.Тұңғышбаева, Түркістан қалалық ҚДСБ эпидемиология бөлімінің басшысы Ғ.Ақанбаева, ҚДСБ эпидемиология бөлімінің бас маманы Ж.Алимов, ТҚЕЕ туберкулез бөлімінің дәрігері, фтизиатр эпидемиолог А.Қожабеков, фтизиатр ренгенолог А.Жаренов, Түркістан қалалық ЗОЖ меңгерушісі Г.Нуруллаева, «АИ» дәрігерлік амбулатория терапевт-дәрігерлері М.Шайхаттарова, Ұ.Бағысбаева және оқытушы-профессорлар мен студенттер қатысты. Семинарда мамандар аталған тақырып бойынша туберкулездің алдын алу, тексерулер және ТБЕ жүргізу, екпе егу мәселесі туралы мәлімет берді. Сондай-ақ семинар барысында бейне ролик көрсетіліп, туберкулез ауруының белгілері, таралу жолдарын, Манту сынамасын қоюға және БЦЖ ревакциналық көрсеткіштер мен қарсы көрсетілімдер, екпе салу техникасы және БЦЖ екпесінен кейін болатын реакциялар жайын талқылады. Сонымен бірге, 6 ай сайын өкпені флюорографияға түсіруге кеңес берді.
Студенттер маман иелеріне туберкулез ауруына қатысты мазалап жүрген сауалдарын қойып, өздеріне қажетті жауап және мағлұмат алды.

Ақпарат орталығы