ДОСАЙ КЕНЖЕТАЙДЫҢ 4 БІРДЕЙ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Түркістанда белгілі теолог, профессор Досай Кенжетайдың 4 бірдей кітабының тұсауы кесілді. «Зайырлы ел – қайырлы ел» атты семинарда ел ағасының өмірі мен шығармашалығы кеңінен айтылды.

Теологтың мерейлі тұсаукесер шарасына жиналған қауым ғалымның өткір тілмен жазылған мақалалары мен еңбектерінің құндылығын дәріптеді. Елбасының өткен айда Бас мүфтиге берген Ислам дінін дамытуға бағытталған бірқатар тапсырмалары да осы жазбаларда кеңінен айтылған, — деді жиынға қатысушылар.

Ғани Рысбеков – Түркістан қаласы әкімінің орынбасары

Досай туралы айту оңай әрі қиын. Мұның ғылыми мақалаларының атын жаттап алу қиын. Тілің сынып кете жаздайды. Бірінші – мықты дінтанушы, теолог деп айтуға болады. Мақалаларын қарасақ, ғылыми түрде дәлелденген мәселелер жазылады.  Қарсы пікір де айтылмайды.

Елімізге танымал дінтанушы-ғалымның жарық көрген туындыларын —  ел руханиятының қоржынына түскен олжа десек артық болмас. Өйткені, діни экстремизм өршіп тұрған шақта дін жағынан тура жолды көрсетуде — таптырмас қару.

Гүлжанат Дүйсенбаева – Түркістан қалалық тарихи-мәдени этнографиялық орталығының директоры

Неге дін саласы дегенде, ол Москвадан бітірген екен техникалық саласда. Ата-бабасы сопы болған екен. Дін саласындағы бірден-бір дәріс беретін ұстаздың бірі.

Жастарды қазақтың бағзы болмысына қандыра сусындатып келе жатқан Досай Кенжетайдың еңбегі ұшан-теңіз. Түркістандағы іргелі оқу орнының шәкірттеріне ата-дініміздің үрдістерін үйретіп қана қоймай, тура жолды көрсетіп келеді. Жиында бас қосқандардың осы тұрғыда берер бағасы жоғары.

П.Биназарқызы