«Бауырсақ party» -бауырмалдықтың бастамасы

Бүгін, 1 наурыз күні Мәдениет орталығының алдында Әлеуметтік ғылымдар факультетінің Студенттік деканатының ұйымдастыруымен «Бауырсақ Party» акциясы өтті.
1-наурыз — тағдыр тоғыстырған көп ұлтты қазақ елінің бір-біріне «Алғыс айту» күні. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен тұспа-тұс келген бұл мереке ұлыстар достығын нығайта түседі. «Алғыс айту» күні 2016 жылдан бері дәстүрлі түрде атап өтілуде. Осы мерекеге Әлеуметтік ғылымдар факультетінің белсенді жастарының ұйымдастыруымен «Бауырсақ party» өтті. Оқытушылар мен студенттерге дәмді бауырсақтар тарту етілді. Іс-шараға факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сақтапберген Мұқанов та өз үлесін қосты. Бауырсақтан дәм татып, жылы лебізімен бөлісті. Студенттер де ризашылығын айтып, жоғары деңгейдегі іс-шаралар көбірек болса деп тілек білдірді.
Көктем алғаш болып келетін оңтүстік өңірі «Наурыз» мерекесін наурыздың алғашқы күнінен бастап тойлай бастайды. Бүгінгі мерекелік шара Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыздың бастамасындай болды.

Айкен Жақып
ФЖК-611Ғ