Ардақты асыл жандарға құрмет

1 наурыз күні Мәдениет орталығының үлкен залында Медицина факультеті, «Адам морфологиясы және физиологиясы» кафедрасының және «Medical Tokens» клубының ұйымдастыруымен «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты мерекелік шара өтті. 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамына орай керемет концерттік бағдарлама тамашаланды.
Ашылу салтанатында Медицина факультетінің деканы, профессор С.Тұртабаев, «Адам морфологиясы және физиологиясы» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Б.Бигалиев құттықтау сөз сөйлеп, асыл жандарға деген ыстық тілектерін жеткізді. Сондай-ақ, қоғамдық жұмыстарда белсенді, оқуда озат көшбасшы жастарға Алғыс хат табыстады.
Концерттік бағдарлама шымылдығы Ана туралы көрініспен ашылды. Әсем әндер айтылып, би биленіп, күмбірлеген күй төгілді. Көктемнің алғашқы күні, алғыс айту күні өткен шарадан нәзік жандылар жақсы әсер алып, көңілдері көтеріңкі болды.

Ақпарат орталығы