Білім жүйесіндегі ынтымақтастық

1 наурыз күні Қ.Сәтпаев атындағы №12 жалпы орта мектебінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылы 10 қаңтарда Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген «Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек» міндетін орындау аясында «Критериалды бағалау арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға Жаратылыстану факультетінің деканы Ғ.Б.Баканов, кафедра меңгерушілері Т.А.Тұрмамбеков, М.Д.Қошанова, Ғ.И.Исаев, х.ғ.к., аға оқытушы М.Қ.Түйебаев, х.ғ.к., доцент м.а. Б.С.Абжалов, Қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Батырбекова, Түркістан қаласының мектеп директорлары және жаратылыстану бағыты бойынша дәріс беретін мектеп мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында профессор Ғ.Б.Баканов оқу ордамыздағы Жаратылыстану бағытындағы бакалавр мамандықтарын таңдауға және мектеп мұғалімдерін магистратураға, PhD докторантураға тапсыруға шақырды.

Ақпарат орталығы