Жастар құқықтық сауаттылығын арттырды

Жуырда Шымкент медицина институтының «Дипломнан кейінгі білім беру» факультетінде білім алып жатқан студенттер, дәрігер-интерндердің қатысуымен «Шымкент – қауіпсіз қала» атты іс – шара өткізілді. Құқықтық тәрбие беру жастардың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатысты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін арттырады. Мемлекетіміз жастарға құқықтық тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Сол мақсатта өткізілген іс-шараға Шымкент қаласы Аль–Фараби аудандық «Әйелдерді зорлық — зомбылықтан қорғау»тобының аға инспекторы Г.Моминова, «Жастар ресурстық орталығының» КММ бөлім басшысы Р. Байғұлов келіп қатысты.
Студент жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілері мен түрлері бойынша мәлімет берді. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, өз құқықтарын білуге, оны құрметтеуге кеңес берді. Шымкент қаласында жастар арасында түрлі қылмыстар орын алып жатқаны туралы мәліметтерді студентердің назарына жеткізді. Жастарды қалада өсіп келе жатқан жасөспірімдерге үлгі болуға, Шымкент қаласын қауіпсіз қала ету бағытында белсенділігін арттыруға шақырды.

Ақпарат орталығы