Аяулы жандар қуанышы

5 наурыз күні 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Әйелдер кеңесінің төрайымы, профессор Г.Ғ.Еркибаева және Тәрбие және мәдени істер департаментінің директоры Л.Есентаева оқу ордамыздың бір топ оқытушы-профессор және қызметкер аналарды мерекемен құттықтады.
Жемісті еңбек атқарып, оқу ордамыздың дамуына үлес қосқаны үшін, ардақты аналар мен нәзік жанды қыз-келіншектерге Алғыс хат табысталды.
Университетте қызмет атқаратын қызметкер, жұмысшы әйелдердің шығармашылық, өндірістік және әлеуметтік мүдделерін, әйел бостандығы мен құқығы, интелектуалдық еңбегі, рухани және материалдық құндылықтарын дамытуда Әйелдер кеңесінің атқарар рөлі маңызды.
Әйелдер кеңесінің негізгі мақсаты — Әйелдердің әлеуметтік белсендігін арттыру; Әйелдерге құқықтық кеңес беру, ақпараттардың қол жетімдігі; Әйелдер өзара қарым-қатынасын жақсарту, интелектуалды дамыту; Ғалым әйелдерді қолдау, психологиялық көмек-кеңес беру; Әйелдердің еңбек жағдайларын жақсарту; Әйелдермен ғылыми, мәдени, құқықтық семинарлар, конференциялар, кештер ұйымдастыру; Қазақ дәстүріндегі әйел рөлін насихаттау, т.б. Міне, осындай үлкен міндеттерді алға қойған Әйелдер кеңесінің мерекелік жиыны жоғары деңгейде өтті. Ардақты да аяулы оқытушы-профессор, қызметкерлер өздерін құрметтеп құттықтаған ұйым жұмысына сәттілік тілеп, алғыстарын білдірді.

Ақпарат орталығы