Аналар ардақталған күн

7-наурыз күні оқу ордамыздың, Мәдениет орталығында Тәрбие және мәдени істер департаменті, Продюсерлік орталықтың ұйымдастыруымен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.
Мерекелік шарада университет президенті, профессор У.Әбдібеков пен Даму және қаржыландыру ісі жөніндегі проректор М.Эрен мерекемен құттықтап, ыстық тілектерін арнады. Басшылар университетіміздің шаңырағында жемісті еңбек атқарып, оқу ордамыздың дамуына үлес қосқан 60-тан аса әйелдер қауымын марапаттап, Алғыс хат табыстады.
Марапаттау рәсімі ардақты ұстаздар мен аяулы қыздардың құрметіне университет өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Әсем әуендер шырқалып, заманауи би биленді. Өнерлі жігіттер әзіл көріністер мен ойындарын ортаға салып, кеш қызығын арттыра түсті. Шынайы лебіз бен ыстық ықыластың көрінісін көрсеткен бұл концерттік бағдарлама барлық нәзік жандарды қуанышқа бөледі.
Ақпарат орталығы