Түрік ұлты Ән ұранының қабылданғанына 97 жыл

Бүгін, 12 наурыз күні Түркия Мемлекетінің Ұлттық символдарының бірі Ән ұранның қабылданғанына 97 жыл.
1921 жылы 12 наурыздаТүркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінде «Истиклал Маршы» ресми түрде қабылданған. Түркиядағы ұлт-азаттық соғысының көшбасшысы, ұлы ойшыл, ғұлама ақын Мехмет Акиф Эрсойдың авторлығымен жазған. Ән ұран бұл күндерге дейін еш өзгеріссіз орындалып келеді. Осыған орай оқу ордамызда Ғылыми кітапхана және Филология факультетінің ұйымдастыруымен Түрік ұлтының Ұлттық Ән ұранының қабылданған күнін ресми түрде атап өтті.
Ресми салтанатты жиын Қазақстан Республикасының және Түркия Республикасының ұлттық ән ұранмен басталды. Университет проректоры М.Эрен «Истиклал Маршы»тарихына тоқталып, түрік халқын бүгінгі күнмен құттықтап, ұлттық ән ұранымыз асқақтай берсін деген жылы лебізін білдірді. Түркология кафедрасының оқытушысы К.Семиз ән ұранның жазылу тарихы мен М.А. Эрсой туралы баяндама оқыды. Аталмыш шарада білім ордамыздың студенттері Ұлттық әнұранның авторы ақын Мехмет Акиф Эрсойдың өлеңдерін оқып, бейнебаян көрсетілді.
Ақпарат орталығы