Білімгерлер Түркияда тәжірибеден өтеді

Алдағы екі жыл бойы университетіміздің студенттері Түркия Республикасы Анталия қаласындағы «Cömertoğlu Otelcilik ve Tic.A.Ş.» фирмасында тәжірибеден өтетін болды.
Таяуда оқу орнына арнайы іс-сапармен келген «Cömertoğlu Otelcilik ve Tic.A.Ş.» мекемесінің өкілдері Явуз Гөкоғлан және Мехмет Тезжан университет басшысымен 2020 жылға дейінгі екіжақты ынтымақтастық келісім-шартына қол қойды.
Бұдан былай университетіміздің «туризм» мамандығының студенттері мұнда алған теориялық білімдерін аталған фирманың нысандарында тәжірбиемен ұштастыратын болады. Білімгерлер туризм секторында қызмет көрсетумен қатар, қонақ үй қызметін ұйымдастыру сияқты өзгеде дағдыларымен кәсіби білігін шыңдай түспек. Тәжірибе уақыты студентердің 3 айлық жаздық демалысы кезеңіне орайластырылып отыр. Түркиялық мекеме басшылығы білімгерлердің жол шығындарын, жатын орны мен тамақтану қаржысын өз мойындарына алып, бұған қоса 1600 түрік лирасы көлемінде жалақы да тағайындайтындықтарын айтты.
Сапар барысында қонақтар, Әлеуметтік ғылымдар факультетінің ұйымдастыруымен Я.Гөкоғлан мен М.Тезжан 2 күн бойы студенттерге туризм саласы бойынша «Қонақ үй шаруашылығын тиімді басқару» тақырыбында семинар өткізді. Үлкен демеу көрсетіп, қолғабыс білдіріп отырған қонақтардың ниетіне білімгерлер шын алғысын білдірді.

Ақпарат орталығы