Түркиялық ғалым Мухаммед Хюкюм семинары

5 сәуір күні Қазыбек би ғимаратында, Филология факультетінің оқытушы-профессорларына, магистрант-докторанттарына, студенттеріне арналған «Түрік романы және қоғамдық әсерлері» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Семинарды Филология факультетінің «Түрік филологиясы» кафедрасына академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келген Түркия «7-ші желтоқсан атындағы Килис университетінің» доценті Мухаммед Хюкюм өткізді. Шараға оқытушы-профессорлар, магистрант-докторанттар, студенттер қатысты. Шараны ұйымдастырушы — Түркология ғылыми-зерттеу институты және Филология факультеті.
Семинарда ғылыми зерттеуге кіріспе, зерттеу жұмыстарының өзектілігі, зерттеу жұмыстарының жоспарлануы, ғылыми коммуникация, т.б. маңызды кеңестер айтылды.
2-3 курс докторанттары ғылыми жұмыстарының барысында кездескен мәселелерін жеткізіп, пікір алмасты, ғылыми жұмыстарында қажетті мәліметтерді қолданатындарын айтты.
Сондай-ақ, 26.03-06.04 мерзім аралығында келген ғалым Филология факультетінің студенттері үшін дәріс өтуде. Дәріс тақырыптары: Классикалық түрік әдебиетінде поэзиялық шығармалардың зерттелуі; Түрік тілі; Түрік поэзиясы; Әдебиет жанрлары; Классикалық түрік әдебиетінде әдеби шығармалардың зерттелуі; Жаңа дәуір түрік әдебиеті; Ежелгі дәуір түрік әдебиеті; Түркі халықтары туралы зерттеулердің этно-генетикалық және генеологиялық негіздері; Түрік әдебиетінің дәуірлері, т.б.

Ақпарат орталығы