Түркиялық ғалым Мухаррем Шахинер семинары

6 наурыз күні оқу ордамыздың Гуманитарлық ғылымдар факультетінде «Фараби дүниетанымында кемел адам және кемел қоғам» атты семинар өтті. Ғылыми семинарды Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келген Түркия мемлекеті 7 желтоқсан атындағы Килис университетінің теология ғылымдарының докторы, доцент М.Шахинер өткізді. Аталған шараға Гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқытушы-профессорлары, магистранттар мен докторанттар, студенттер қатысты. Сонымен қатар М.Шахинер 23.03-07.04 күндері аралығында Дінтану кафедрасының 1, 2, 3 курс студенттеріне дәріс берді. Дәріс тақырыптары: Қазақ дін ойшылдары; Қазақ халқының мәдени дәстүрлері; Ясауитану; Мәдениет және дін; Ислам құқығы; Діндер тарихы; Қазіргі ислам философиясы; Практикалық араб тілі; Қазіргі дәстүрлі емес діни қозғалыстар; Тасауф; Қазіргі дінтанудың мәселесі туралы өтті.

Ақпарат орталығы