Орталық Азия елдерінің интеграциялық үдерістеріне арналған дөңгелек үстел

6 сәуір күні Мәдениет орталығында «Орталық Азия елдерінің интеграциялық үдерістері: қазіргі ахуалы және болашағы» атты дөңгелек үстел өтті.
Әлеуметтік ғылымдар факультетінің ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелге «Оңтүстік» индустриалды аймақтардың басқарушы компанияның бас менеджері Г.Менлибеков, Түркістан қалалық әкімдігінің Кәсіпкерлік және туризм бөлімінің бас маманы А.Садықов, Ғылым және инновация істер жөніндегі проректор, профессор Т.Раимбердиев, Даму және қаржыландыру жөніндегі проректор, доктор М.Эрен, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Е.Төлегенов, Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, профессор М.Топлу, «Халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы PhD А.Әмірбек, «Экономика және қаржы» кафедрасының аға оқытушысы PhD С.Баймағанбетов және оқытушы-профессорлар мен студенттер қатысты.
Іс-шараны PhD, профессор Мехмет Топлу жүргізді. Аталмыш іс-шарада қазіргі жаһандану әлеміндегі Орталық Азия елдерінің интеграциясына қатысты кедергілер және тиімді жақтары мен факторлары, экономика, этника, қауіпсіздік мәселелері туралы сөз қозғалды. «Оңтүстік» индустриалды аймақтардың басқарушы компанияның бас менеджері Г.Менлибеков өңірлік индустриялық аймақтардың экономикасын айта келе, Оңтүстік индустриалды аймақ компаниясына металлург, токарь, инженер, электрик т.б. осы сияқты мамандықтар жетіспейтіндігін атап өтті.
Дөңгелек үстелді қорытындысында талқылау барысында туындаған сұрақтарға толық жауап берілді. Сондай-ақ, шара соңында қатысушыларға сертификат табысталды.

Ақпарат орталығы