Студенттер Наурызды тойлады

11 сәуір күні оқу ордамыздың №1, №2 жатақханаларында студенттердің ұйымдастыруымен Наурыз мерекесі аталып өтті. Жатақхана ұжымы, студенттері таза ауада ақ дастархан жайып, қонақжайлық танытты.
Жатақхана тұрғындарының бір шаңырақтағы ынтымағын танытатын шуақ шашқан мерекелік шараға оқытушы-профессорлар, білімгерлер, қонақтар қатысты. Қуаныш пен шаттық мерекесіне келген қонақтар ақ дастархандағы ұлттық тағамдардан, наурыз көжеден дәм татты.
«Студенттер үйі дирекциясының» директоры, профессор Ә.Садықов және Қауіпсіздік бөлімінің бастығы А.Онбаев мерекемен құттықтап, ыстық тілектерін білдірді, жас ұрпаққа алғыстарын айтты. Профессор Ә.Садықов белсенді студенттерге Алғыс хат табыстады.
Студенттер де бұл мерекені асыға күткендей. Тамаша концерттік бағдарлама
қойып, керемет өнерлерін паш етті. Әуезді ән-жырлар айтылып, қызықты ойындар ойнатылды.
Жатақхана алаңында нағыз мерекелік қуаныштың лебі сезілді. Ынтымақ пен ырыстың мерекесі ұйымшылдықпен тойланған күн есте қаларлықтай болып өтті.

Ақпарат орталығы