IV Халықаралық діни зерттеулер және ғаламдық бейбітшілік симпозиумы

11 наурыз күні Мәдениет орталығының үлкен залында IV Халықаралық діни зерттеулер және ғаламдық бейбітшілік симпозиумының ашылу салтанаты өтті.
Симпозиум TİMAV (Түркия) қорының ұйымдастырумен, Нежметтин Эрбакан, Селчук, Невшехир Хажы Бекташ Вели, Балыкесир, Ахмет Ясауи университетінің бірлесуімен өткізілуде.
Ғылыми шараның ашылу салтанатында І вице-президент, профессор М.Куталмыш, TİMAV қорының президенті, ұйымдастыру алқасының төрағасы Ежевит Оксуз, Невшехир Хажы Бекташ Вели университетінің вице-президенті Ертан Өзенсел, Нежметтин Эрбакан университетінің вице-президенті Ондер Кутлу құттықтау сөз сөйлеп, симпозиум жұмысына сәттілік тіледі. Профессор М.Куталмыш Өкілетті Кеңес төрағасы, профессор М.Йылдыздың жолдаған құттықтауын жеткізді.
Пленарлық мәжілісті TİMAV қорының президенті, ұйымдастыру алқасының төрағасы Ежевит Оксуз жүргізді. Нежметтин Эрбакан университеті «Теология» факультетінің оқытушысы Мухиддин Окумушлар, Нежметтин Эрбакан университеті «Өнер» факультетінің деканы Билал Кушпынар, Даму және қаржыландыру жөніндегі вице-президент М.Эрен пленарлық мәжілісте баяндама жасады.
Дін басшыларының, дін мамандарының, ғалымдардың ірі халықаралық сұхбаттасу алаңына айналған симпозиумның маңызы зор. Басқосуда ислам құндылықтарын сақтау мақсатында дінаралық серіктестікті нығайту, бейбітшілікке үндеу, рухани құндылықтар, маңызды діни зерттеулер, т.б. маңызды мәселелер талқыланды. Шара соңы Продюсерлік орталықтың ұйымдастыруымен концерттік бағдарламаға ұласты.
Симпозиум жұмысы 100-ден аса ғалымдардың қатысуымен 5 секция бойынша өтуде.

Ақпарат орталығы