Симпозиумда салмақты ойлар сараланды

13 сәуір күні Мәдениет орталығының үлкен залында IV Халықаралық діни зерттеулер және ғаламдық бейбітшілік симпозиумының жабылу салтанаты өтті.
Симпозиум TİMAV (Түркия) қорының ұйымдастырумен, Нежметтин Эрбакан, Селчук, Невшехир Хажы Бекташ Вели, Балыкесир, Ахмет Ясауи университеттерінің бірлесуімен 11-13 сәуір күндері өткізілді.
Ғылыми шараға «Балыкесир» университеті, «Теология» факультетінің деканы Мехмет Баййигит модераторлық жасады. Жиынның қорытынды отырысында Нежметтин Эрбакан университеті «Теология» факультетінің деканы, профессор, доктор Рамазан Алтынташ, Селчук университеті «Әлеуметтік ғылымдар институтының» директоры Мустафа Демиржи, Кония (Түркия) қаласының муфтиі Али Акпынар сөз сөйлеп, жиынның маңызы туралы айтты.
І вице-президент, профессор М.Куталмыш TİMAV қорының президенті Ежевит Оксузға шапан жауып, сый-сыяпат табыстады. Даму және қаржыландыру жөніндегі вице-президент М.Эрен Нежметтин Эрбакан университеті «Теология» факультетінің оқытушысы Мухиддин Окумушларға шапан жауып, құрмет көрсетті. Өз кезегінде қонақтар Р.Алтыншаш, Е.Оксуз, М.Окумушлар басшыларға алғыс айтып, сый-сыяпат табыстады.
Симпозиумда академиктердің қатысуымен жалпы 16 отырыс өткізілді. Басқосуда ғалымдар ислам әлемінің бірлігі, ынтымақтастығы мен болашағы, ислам әлеміндегі жағдай, рухани құндылықтар, т.б.маңызды мәселелерді саралады.
Ғылыми серпіліс беретін бұл симпозиум 2013 жылы Конияда (Түркия), 2016 жылы Сараевада (Босния-Герцеговина), 2017 жылы Испанияда өткен болатын.

Ақпарат орталығы