77 oқушы Ахмет Ясауи университеті грантын иеленді

Бүгін, 14 сәуір күні Түркістандағы Ахмет Ясауи университетінде V Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиада қорытындысы жарияланды. Білім бәсекесіне қатысқан 77 оқушы университет грантын жеңіп алды.

Президенттің 5 әлеуметтік бастамасының аясында өтіп отырған дәстүрлі Республикалық пән олимпиадасына еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан 11-сыныптың 6500-ге жуық оқушысы қатысқан болатын. Жасөспірімдер 11 пән бойынша білімдерін сарапқа салып, тек үздіктері жеңіске жетті. Оқушыларға тегін сапалы білім алуына мүмкіндік туғызып отырған олимпиаданың мақсаты жастардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамыту болып отыр.

Салтанатты марапаттау рәсімінде университет ректоры, профессор У.Әбдібеков және оқу орынның І вице-президенті М.Куталмыш жеңімпаздарға 1,2,3 дәрежелі ХҚТУ білім гранты дипломы мен сертификатын табыстады. Өз білімдерімен оқ бойы озып шыққан 77 оқушы рант иегері атанды. Жеңімпаздарға ҰБТ-дан 50 баллдан жоғары ұпай жинау шартымен Ахмет Ясауи университетінде шәкіртақысыз тегін білім алу құқығы берілді.

«Бүгінгі бәсекеден университет грантына ілікпей қалған қатысушыларға да үлкен жеңілдіктер қарастырылып отыр. Егер сіз мемлекеттік грантты иелене алмасаңыз, ҰБТ-да жинаған 50 ұпаймен және бүгінгі берілген сертификатпен 25 тамызда сарапқа салынатын 700 Түркия грантына түсуге мүмкіндіктеріңіз бар»,-деген ректор У.Әбдібеков, барлық қатысушыларды үміт үзбеуге шақырды.

Грант жүлдегерлері білім додасының әділ нәтижесіне ризашылықтарын білдіріп, ерекше қуаныштарын жеткізді. Университеттің жетістіктері мен кампусының салтанатына қаныққан оқушылар оқу орынның студенті болуды өздеріне мақсат ететіндіктерін де жасырмады.

Айта кетейік, үш айға жалғасқан олимпиаданың І іріктеу кезеңі – online түрде 2018 жылдың 20-22 ақпан күндері өткізіліп, жалпы 6500-ге жуық оқушы қатысқан болатын. Ал, университет базасында 13-14 наурыз күні өткен ІІ кезеңге 454 оқушы қатысып 77 жасөспірім жеңімпаз атанды.

Ақпарат орталығы

V Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасының қорытындысы бойынша 77 білім грант иегерлерінің тізімін төменде жариялап отырмыз. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

Дүниежүзі тарихы

Бақтыбай Гүлім Сағатқызы Қарағанды облысы
Ибрагимова Саяна Нурмамедовна Ақмола облысы
Қожамберді Әсем Дастанқызы Оңтүстік Қазақстан облысы
Мұқанбеткерімова Назерке Сырымбетқызы Ақтөбе облысы
Мұратова Сымбат Ерболатқызы Атырау облысы
Супатай Мәдина Мәлікқызы Алматы облысы

Қазақстан тарихы

Баxыт Аружан Айдарқызы Жамбыл облысы
Жазыбекова Амина Балташевна Қарағанды облысы
Сейтханова Сымбат Салимжанқызы Оңтүстік Қазақстан облысы

География

Тагаев Айдар Юсупович Оңтүстік Қазақстан облысы
Милияров Иса Закарияевич Қызылорда облысы
Айбеков Жасұлан Айбекұлы Ақтөбе облысы
Жұмағұлова Құралай Жеңісбайқызы Жамбыл облысы
Қабдолла Іңкəр Сайранқызы Ақмола облысы
Жумекенова Гульнур Рахметовна Қарағанды облысы

Математика

Жанасбай Әрсен Нұрсланұлы Қарағанды облысы
Әмірбеков Бекболат Нұрлыбекұлы Оңтүстік Қазақстан облысы
Алик Гауһар Нұрсұлтанқызы Жамбыл облысы
Ғимеден Назерке Отарбайқызы Батыс Қазақстан облысы
Кенжебаева Муниса Карамадинқызы Маңғыстау облысы
Нуржанов Диас Жанболатович Павлодар облысы

Қазақ тілі

Биримжарова Гүлжанат Болатқызы Жамбыл облысы
Бірлесова  Балауса Бауыржан қызы Батыс Қазақстан облысы
Қамза Жаннұр Нұрбегісқызы Атырау облысы
Оразғалиев Мейір Серікұлы Шығыс Қазақстан облысы
Зейнелқабден Ұлан Батырханұлы Ақмола облысы
Мукашев Мерейхан Ерикович Солтүстік Қазақстан облысы

Химия

Есеева Ақмарал Есболатқызы Батыс Қазақстан облысы
Қали Айзина Жақсымұратқызы Қызылорда облысы
Бекмаханбет бекзат нұржанұлы Оңтүстік Қазақстан облысы

Информатика

Жақан Армат Медетұлы Ақтөбе облысы
Жанарбек Салауат Жанарбек Ақмола облысы
Инирбаев Әлімбек Қалабайұлы Маңғыстау облысы

Биология

Бекмұратова Ұлдана Темірланқызы Қызылорда облысы
Абсаттар Дана Қанатқызы Оңтүстік Қазақстан облысы
Tукежан Шынар Жомарткызы Жамбыл облысы
Хозышыбай Гүлжаухар Құмарбекқызы Ақмола облысы
Дюсенова Динара Сагынтаевна Солтүстік Қазақстан облысы
Наурызбекова Мадина Нуртасовна Қарағанды облысы
Қапақова Тоғжан Саматқызы Атырау облысы
Мұхамбетқали Асылзада Асылқызы Ақтөбе облысы
Темиргалиева Диана Темиргалиқызы Батыс Қазақстан облысы

Физика

Сақыпкерей Еркежан Манасқызы Ақтөбе облысы
Алиев Ертуган Жаналиевич Жамбыл облысы
Шәмірбек Ұлпан Нұрланқызы Оңтүстік Қазақстан облысы
Нысанбаева Ұлбосын Сәбитқызы Қызылорда облысы
Рахметова Асемгуль Болатаевна Солтүстік Қазақстан облысы
Сембай Шолпан Серікқызы Ақмола облысы
Таласбаева Гүлмира Мирамбекқызы Атырау облысы
Мейрашева Нурай Алмуратовна Павлодар облысы
Бөдеш Нұрғасыр Мұратұлы Қарағанды облысы

Ағылшын тілі

Сағынтаева Аяулым Рахметуллақызы Жамбыл облысы
Муканова Айсара Саматовна Ақтөбе облысы
Атымтай Жәнел Ерланқызы Ақмола облысы
Абуова Нурсауле Махсаткызы Маңғыстау облысы
Мәлікова Ақтілек Бекзатқызы Батыс Қазақстан облысы
Утеген Рахат Бауыржанулы Оңтүстік Қазақстан облысы

Орыс тілі

Алиева Нармина Хасановна Оңтүстік Қазақстан облысы
Булатова Эльмира Сериковна Солтүстік Қазақстан облысы
Бауыржанқызы Мөлдір Бауыржанқызы Қарағанды облысы

«Үздік жұмыс» номинациясы

 

Советова Ақнұр Бекжанқызы Ақмола облысы Химия
Қалдыбек Орынбек Акрамханұлы Оңтүстік Қазақстан облысы Математика
Cмаков Канат Кабыкенович Қарағанды облысы Математика
Кәрімова Гүлсезім Қуандыққызы Батыс Қазақстан облысы Қазақ тілі
Жарболова Зарина Жәнібекқызы Қызылорда облысы Орыс тілі
Кабаева Аяулым Елтаевна Батыс Қазақстан облысы Қазақстан тарихы

«Үздік креативті жұмыс» номинациясы

 

Тасқынбаев Заңғар Қайратұлы Қарағанды облысы Математика
Сағатова Айдана Сағатқызы Батыс Қазақстан облысы Қазақ тілі
Тұрғынбай Альбина Қуанышқызы Жамбыл облысы Қазақ тілі
Орал Нұрсұлтан Базарбайұлы Ақмола облысы Қазақстан тарихы
Баймагамбетов Куандык Нурхатович Ақтөбе облысы Қазақстан тарихы
Бахрадин Нұргүл Алтынбайқызы Қызылорда облысы Биология

«Озық ойлы дарынды оқушы»  номинациясы

 

Ғазезова Назерке Мәлік қызы Батыс Қазақстан облысы Қазақ тілі
Сакен Шарбану Мұхитқызы Оңтүстік Қазақстан облысы Химия
Ибрагимова Аида Маликовна Батыс Қазақстан облысы Қазақ тілі
Нұрбек Қайыржан Саттыбекұлы Жамбыл облысы Биология
Зейнелмәлікұлы Айтуар Зейнелмәлікұлы Қызылорда облысы Биология