Тарихи-танымдық турнир өтті

18 сәуір күні Ғылыми кітапхана конференц-залында «Шаңырақ» студенттік клубтар координациялық басқармасына қарасты «Орда» тарихи-танымдық клубының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбавтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Үлгі тұтар тарихи тұлғам» атты турнир өтті.
Клуб жетекшісі — Гуманитарлық ғылымдар факультеті, «Тарих» кафедрасының Phd оқытушы Бақдәулет Сыздық, клуб төрағасы — Гуманитарлық ғылымдар факультеті, археология мамандығының 2-курс студенті Мәлік Нұрболат.
Жастар үшін тәлім-тәрбиелік маңызы мол шараға барлық факультет топтары, дайындық тобынан тарих мамандығының білімгерлері, «We can club» студенттік клубы мүшелері топ қатысты. Сайыстың 1-ші турында біртуар, тарихымызда ұлт қаймағы аталған тарихи тұлғалар жайлы жобалар қорғалып, жан-жақты талқыланды. 2-ші турда әлемдік және отандық тарихтан тұлғалар жайлы викториналық сұрақтар қойылды. Әділқазылар алқасы құрамында Тәрбие және мәдени істер департаментінің маманы А.Бекаев, клуб жетекшісі, археолог, Phd оқытушы Б.Сыздық, тарих ғ.к, доцент Е.Абдраманов, тарих ғ.к, доцент М.Тастанбеков төрелік етті.
Сайыс нәтижесінде, І орынды Гуманитарлық ғылымдар факультетінің 3-курс студенттері Бақдәулет Қуаныш пен Джамалов Айбек, ІІ орынды Филология факультетінің 2-курс студенттері Байболатова Нұрсұлу, Мақтабай Арайлым, ІІІ орынды «We can club» клуб тобы мүшелері Мүсілім Ақмаржан, Әбубәкір Жанат иеленді.

Ақпарат орталығы