Түркістанға Нобель сыйлығының иегері келді

Түркия Республикасы мен АҚШ Ұлттық Ғылым Академиясының мүшесі, ҚХР-ның Ғылым Академиясының «Құрметті профессоры», Солтүстік Каролина университеті (Чапел-Хилл, АҚШ) Медицина мектебінің профессоры, Нобель сыйлығының иегері, профессор Азиз Санжар бастаған делегация «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне келді.

Құрметті қонақ дүниежүзілік мəдени мұралар тізіміне енген қасиетті  Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат жасап, баба рухына тағзым етті.

Келген меймандарға қорық-музей экскурсоводы К.Әсетова түрік тілінде экскурсия жүргізді.

Бауырлас түркі елдерінің рухани мекенінде бабалар рухына тағзым жасап, қорық-музейдің тыныс-тіршілігі жəне жəдігерлермен танысып, түрік тілінде мол мағлұмат алған Нобель сыйлығының лауреаты Азиз Санжар киелі өлке құшағында жинақталған əрбір тарихи дүние болашақ түркі елі ұрпақтарының да мақтанышы екендігін жеткізді.