Жеңімпаз жас химиктер

Жуырда Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінде 5В011200 — Химия мамандығы бойынша ҚР Жоғары оқу орындары студенттері арасында Х Республикалық пәндік олимпиадасының II туры өтті. Олимпиадаға 20 Жоғары оқу орындарының командалары қатысты.
Аталған пәндік олимпиадаға оқу ордамыздың Жаратылыстану факультеті 5В011200-Химия мамандығының 2 курс студенттері қатысып, нәтижесінде жалпы командалық есеп бойынша І жүлделі орынды иеленді. Олимпиада жарысында студенттерге жетекшілік жасаған х.ғ.к, доцент М.О.Алтынбекова мақтау қағазымен марапатталды. Сондай-ақ, командалық топты жеңіске дайындауда Экология және химия кафедрасының оқытушылары, техн.ғ.к., доцент Г.Т.Сарбаева, техн.ғ.к., доцент Г.Н.Жылысбаева және х.ғ.к, доцент М.О.Алтынбековалардың зор еңбегі бар. Студенттерімізді жеңісімен құттықтаймыз!

Ақпарат орталығы