«Қол өнер» номинация жеңімпазы

Оқу ордамыздың Өнер факультеті «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасының оқытушысы Альмира Накбаева Боранханқызы Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде өткен «Ұлттық Рухани құндылықтарды дамыту мақсатындағы инновациялық технологиялар» атты Республикалық ғылыми тәжірибелік симпозиумда 81 қатысушының арасынан » Қол өнер «номинациясы бойынша бас жүлде иегері атанды.
Сонымен қатар Қарағанды қаласында ЖОО арасында өткен «Үздік Дизайнерлер» конкурсына қатысып, Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» аясында киіз үйден жасалған «Үздік Этно-Эко өнім» номинациясының жеңімпазы атанды.
Альмира Накбаева Боранханқызын жемісті жеңістерімен құттықтаймыз!

Ақпарат орталығы