«Қас қағым сәт» фотобайқауы

Жуырда оқу ордамыздың «Қоғамдық ғылымдар және журналистика кафедрасы» мен «Кино және фото клубының» ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» жобасын жүзеге асыру аясында «Қас қағым сәт» атты студенттердің фотобайқауы өтті.
Байқаудың мақсаты — студенттердің бойында азаматтық және отаншылдық сезімдерін одан әрі ояту, Туған қаласы мен университетіне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін фотоөнер арқылы білдіруге мүмкіндік беру; Студенттердің эстетикалық талғамын қалыптастыру; Фотосурет саласында кәсіби және көркемөнер шығармашылығын дамыту және насихаттауға ықпал жасау.
Байқау «Қас-қағым сәт» — кездейсоқ түсірілген және қайталана бермейтін кадрлар; «Табиғат тылсымы» — табиғаттың ерекше туындыларын түсіру, «Түймедейді түйедей…» — Макро түсірілімдер номинациялар бойынша өткізілді. Жарысқа 30 студент қатысып, 190 сурет ұсынылды. Бір айға созылған байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталды.
І орынды Әлеуметтік ғылымдар факультеті, «Қоғамдық ғылымдар және журналистика» кафедрасының 1-курс студенті Мексерне Шаһин, ІІ орынды Әлеуметтік ғылымдар факультеті («NIKON COOLPIX L340» санды камерасы), «Қоғамдық ғылымдар және журналистика» кафедрасының 3-курс студенті Нұрбол Нышанбай (Samsung шағын фотокамерасы), ІІІ орынды Инженерия факультеті, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының 2-курс студенті Серікболсын Шері («SVEN» құлаққабы) иеленді. Жүлделі орын иегерлеріне бағалы сыйлықтар табысталды.
Фотоконкурстың барлық қатысушыларына сертификат ұсынылды.

Ақпарат оталығы