Зияткерлік сайысының жеңімпазы

Оқу ордамыздың Әлеуметтік ғылымдар факультеті, «Қоғамдық ғылымдар және журналистика» кафедрасы, журналистика мамандығының 3-курс студенті Әділет Әбсаттар зияткерлік сайыстың І орын иегері атанды.
27 сәуір күні Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Астананың 20 жылдығына» орай ЖОО-дар арасында республикалық «Super Sm@rt Student» сайысы өтті.18 ЖОО-нан қатысқан жастардың мақсаты, білімді мен ақылдының мүмкіндіктер кілтін тағы бір мәрте айқындау.
Төрт кезеңнен өткен зияткерлер сайысынан сүрінбей шыққан білімді студентіміз І дәрежелі дипломмен, «Тараз мемлекеттік педагогикалық университетіне 50 жыл» төсбелгісімен және 50000 мың теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталды.

Ақпарат орталығы