III Республикалық «Дінтану» пән олимпиадасы

3-4 сәуір күндері Гуманитарлық ғылымдар факультеті, Дінтану кафедрасының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы III Республикалық «Дінтану» пән олимпиадасы» өтті.
Олимпиада мақсаты — дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету. Дінтану және теология мамандықтарына бейімді талапкерлерді тарту, олардың мамандыққа қызығушылығын арттыру, жеткіншектердің жеке тұлғалық және шығармашылық әлеуетінің дамуына қолдау көрсету, дін саласына ғылыми қызығушылығын қолдау.
Олимпиадаға Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, ОҚО облыстарынан және Түркістан қаласынан 39 оқушы, 23 жетекші мұғалімдері қатысты.
Олимпиада екі тур бойынша өтті:1.«Шығарма» — жалпы дамуға тапсырмалар (жазбаша, шығарма жазу); 2.«Таным» — теориялық білімге ауызша тапсырмалар.
Оқу әдістемелік ісі жөніндегі проректор Н.Ажиханов, Гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы С.Абжалов, Дінтану кафедрасының меңгерушісі Музаффар Тан және қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарға және барлық қатысушыларға мақтау қағаздарын табыстап, білім жолында сәттілік тіледі. Олимпиада нәтижесінде жоғары нәтиже көрсеткен 6 оқушыға Ахмет Ясауи университеті квотасының иегері сертификаты табысталды. Атап айтсақ, 1-ші дәрежелі дипломмен Шынтасұлы Нарұл (Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы), 2-ші дәрежелі дипломмен Ахметқалиева Ақбота (Шығыс Қазақстан облысы), Алешова Светлана (Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы), 3-ші дәрежелі дипломмен Серік Аяулым (Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы), Асылбекқызы Меруерт (Алматы облысы Көксу ауданы), Тұрсынбай Диана (ОҚО Ордабасы ауданы) марапатталды. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға алғыс хат, кітаптар, мамандықты, университетті танытым буклеттері берілді.

Ақпарат орталығы