Институционалды аккредиттеу процедурасы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 2013 жылдың наурыз айында Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз (БСҚА) агенттігінен институционалды аккредиттеуден өткен болатын. 2017-2018 оқу жылында оқу орнымыздың институционалды аккредиттеу сертификатының мерзімі аяқталуына орай (сертификат 5 жыл мерзімге беріледі), «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» (НААР, Астана) арқылы қайта институционалды аккредиттеуден өткізу мақсатында аталған агенттікпен келісім-шарт түзілген.

Сыртқы сараптау комиссиясының сыртқы бағалау жұмысы 2018 жылы 10-12 мамыр аралығында аккредиттеу үрдісін тиімді өткізу және өзін-өзі бағалау есептерінде көрсетілген деректердің нанымдылығын бағалау үшін, агенттік тарапынан келген 7 сарапшы, оның ішінде 1 шетелдік және 6 отандық сарапшымен жүргізіледі.

Оқу орнына арнайы келген сыртқы сараптау комиссиясының құрамы: комиссия төрағасы Шүңкеев Қуанышбек Шүңкейұлы, шетел сарапшысы Ерика Ваигиниене, сарапшы Масалимова Әлия Рымғазықызы, Төртқараева Гүлнар Баянқызы, жұмыс берушілер өкілі Абдіқадірова Ақниет Маратқызы, студенттер өкілі Әлжан Дінислам Русланұлы, агенттік байқаушысы Канапьянов Тимур Ерболатұлы.

Институционалды аккредиттеу рәсімі еуропалық және халықаралық стандарттарға сәйкес агенттікпен әзірленген «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарын институционалдық аккредиттеу стандарттарының» талаптарына сәйкес өткізіледі.

Аккредитация және рейтинг орталығы