ҚАЗАҚСТАН МАТЕМАТИКТЕРІ БАС ҚОСТЫ

«Математиканың өзекті мәселелері». Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен ғылыми конференция осы тақырыпқа арналды. Екі күндік шарада… елдегі математика саласының жетістіктері мен… кемшіліктері сөз болды. Білікті маман даярлауда… білгір ұстаздардың белсенділігі айтылды.

 

Шараға Қазақстанның барлық жоғары оқу орны мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері қатысты. Бұл сапта ҚР ҰҒА-ның  академиктері,  корреспондент-мүшелері, ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, докторанттар мен магистранттар да бар.

Асқар Жұмаділдаев – ҚР ҰҒА академигі

Бірінші рет Түркістанда болып жатыр. Осындай оқу орны бар деп естігенбіз. Осындай әдемі ғимарат деп ойламаппыз. Рухани байлық жатыр Түркістанда.

Ғалымдардың айтуынша, дәл осы математика пәні мамандарын даярлауда кадр тапшылығы сезіледі. Оның негізгі себебі, математика ғалымдары мектебінің жоқтығы. Қазір бұл мәселе мықтап қолға алынуда.

Тынысбек Қалменов – ҚР ҰҒА академигі

Бір мәселе, кадр мәселесі. Жасыратын несі керек, бізге осы кадр мәселесі оң жолға қойылса, көп мәселе шешілер еді. Бізге енді ешқандай прибор керек емес, ешқандай қолдау керек емес.

Конференцияда 6 секция жұмыс істеді. Негігі бөлім дифференциалдық теңдеулерге арналды.  Математикалық физика теңдеулері және функциялар теориясы бағытына бас аяғы 100-ге тарта ғалым қатысты. Ал, алгебра, математикалық логика және геометрия бөлімдері студенттер көңіліне қонды.

Мұхтарбай Өтелбаев – ҚР ҰҒА академигі

Көптеген проблемаларды қарастырып жатырмыз. Жақсы дүние болып жатыр. Түркістан жері -математиктердің қоғамы.

Мұндай жиын бұған дейін еліміздің Астана және Алматы қалаларында ұйымдастырылған. Қасиетті Түркістан жеріндегі шара соның жалғасы іспеттес. Алғаш рет шымылдық түрген конференцияның кейінгі толқынға берері мол болмақ. Сондықтан қазіргі заманғы математикалық білімнің өзекті мәселелері талқыланған шара… алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

П.Биназарқызы